Құрметті Ғалым Абдуррохман ас-Са'ди (Аллаһ оны рахым етсін) Бакара, 25 аяты тафсирінің мағыналық аудармасы
Аллаһ Кәпірлердің жазасын зікір еткеннен кейін, момындардың салиқалы амалдарды жасаушылардың жазасын Құранда келгендей, құл қорыққан және үміттенген күйде болу үшін қуандыру мен қорқытудың арасын жинап еске алды.
"Қуандыр" – әй, Елші және оның орнына тұрғандар.
"Иман келтіріп" – жүректерімен.
"Және салиқалы амалдарды қылғандарды" – дене мүшелерімен, имандарын салиқалы амалдар жасаумен растаған. Жақсы амалдар салиқалы деп сипатталды, себебі жақсы амалдармен құлдың жағдайы, діні мен дүние істері, және осы дүниедегі өмірі мен ахыреттегі өмірі дұрысталады. Жақсы амалдар себепті жаман жағдайлар кетеді, және солай Аса Рахымдымен жәннәтта кездесу үшін жақсы амалдар жасайтын салиқалылардан болады.
Оларды қуандыр:
"Жәннәтпен" – таңқаларлық талдардан, әсем жемістерден, ұзын көлеңкеден жиналған бақтар. Әртүрлі жапырақтары мен бұтақтары себепті әрі ішіндегісі көрінбей қалатындықтан жәннәт деп аталды. Және тұрғыны рахаттанады.
"Астарынан өзендер ағатын бақтар" – ішушілерге дәмді болған судан, сүттен, балдан, шараптан болған өзендер. Олар қайда қалаған жаққа ағызады, қалаған жақтарына бағыттайды. Талдар сол өзендерден ішіп, неше түрлі жемістер шығады.
"Әрқашан оларға оның жемісінен бір ризық берілсе, олар: «Осы бізге бұрын да беріліп еді» дейді" – түрі, сипаты жағынан. Әсемдік пен тәттілігінде барлығы бір-біріне ұқсас. Ол жақта ләззаттанбайтын уақыт жоқ, олар әрдайым сол жемістерден жеп рахаттанады.
"Тағы оның ұқсасы келтіріледі" – атаулары ұқсас бірақ дәмдері әртүрлі деп айтылады, түстері ұқсас бірақ атаулары әртүрлі деп айтылады, барлығы бір-біріне әсемдікте тәттілікте ұқсас деп те айтылады, және осы дұрыс шығар. Сосын олардың (иман келтіріп салиқалы амалдар жасағандар) тұратын жерлерін, және тамақтардан, сусындарды, жеміс-жидектерден болған азықтарын ескерткеннен кейін олардың жұбайларын зікір етті. Оларды өте кемел, әрі қысқаша сипаттармен баяндады.
"Әрі олар үшін онда тап-таза жұбайлар да бар" – тазартылғандардың барлық түрін қамту үшін бәленшенің айыптарынан тазартылған деп айтылмады (яғни, барлық айыптардан тазартылған). Мінездерінде тап-таза, жаратылыстарында тап-таза, тілдерінде тап-таза, көрулері тап-таза. Күйеулеріне көркем мінезбен, көркем бойсұнумен және әдепті сөздер мен әдепті амалдар арқылы махаббаттарын көрсетеді. Жаратылыстары хайз, нифас, мани, кіші дәрет, үлкен дәрет, сіңбірік, түкірік және жаман иістен тазартылған. Жаратылыстары толық сұлулықпен тазартылған, ешқандай кемшілігі мен көріксіздігі жоқ. Бәлкім олар көркем мінезді сұлулар. Тілі мен көруі тазартылған. Күйеулерінен басқа ешкімге қарамайтын (күйеуіне қарау оларға ең үлкен рахат). Жаман дөрекі сөздерден пәк.
Бұл құрметті аятта:
- Қуандырушы адам,
- Қуандырылып тұрған адам,
- Немен қуандырылған,
- Бұл қуанышқа апаратын себеп еске алынды.
Қуандырушы: ол – Елші (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) және оның үмметінен болған орын басушы.
Қуандырылып тұрған: салиқалы амалдарды жасаушы момындар.
Немен қуандырылған: жоғарыда сипатталғандай жәннәт бақтары.
Қуанышқа апаратын себеп: иман келтіру және салиқалы амалдар жасау, бұл қуанышқа жету тек осы екі себеппен болады. Бұл өте құрметті жаратылыстан болған ең ұлы себептермен ең үлкен қуаныш.
Бұл жерде момындарды қуандырудың абзалдылығы бар, және салиқалы амалдарды артынан келетін жемістерімен бірге айтуға қызықтыру бар, себебі солай жемістерін айтуда амал жасауға жеңіл әрі оңай болады. Адамға келіп тұрған өте үлкен қуаныш – иман мен салиқалы амал жасау жолына түсуі. Бұл – қуаныштың алғашқысы әрі негізгісі. Одан кейінгі қуаныш өлер кезде, одан кейін жоғарыда айтылған мәңгі бақыт. Аллаһтан біздерді солардан қылуды сұраймыз.
Дайындаған: Сәтімжан абу Муса
قال ابن عثيمين: " يحرم أن يبيع شيئَا من الأضحية من لحم، أو شحم، أو دهن أو جلد، أو غيره؛ لأنها مال أخرجه لله فلا يجوز الرجوع فيه كالصدقة، ولا يعطي الجازر منها في مقابلة أجرته، أو بعضها؛ لأن ذلك بمعنى البيع، فأما من أهدي له شيء منها أو تصدق به عليه فله أن يتصرف فيه بما شاء من بيع وغيره". مجموع فتاوى ورسائل ابن عثيمين(٢٥/١٦٢).
Один из ученых, Ибн Усеймин, сказал:
"Нельзя продавать что бы то ни было из жертвенного животного: будь это мясо или жир, шкура или что-то другое. Потому что это средства, потраченные ради Аллаха. Не допускается, что бы что-то из жертвенного животного вернулось обратно в виде садака. Забойщику скота, зарезавшему жертвенное животное, его работа не оплачивается частью из этого животного. Потому что это один из видов торговли.
Но, если кому-то подарили или дали садака частью из жертвенного животного, то ему разрешается продать это или использовать по любому другому назначению, как он пожелает."
(Маджму' фатауа уа росайль 25/162)
Прошу Аллаха принять наше жертвоприношение!
Поистине, Всевышний Аллах отвечает на мольбы!
Подготовил: Сатымжан абу Муса
قال ابن عثيمين: " يحرم أن يبيع شيئَا من الأضحية من لحم، أو شحم، أو دهن أو جلد، أو غيره؛ لأنها مال أخرجه لله فلا يجوز الرجوع فيه كالصدقة، ولا يعطي الجازر منها في مقابلة أجرته، أو بعضها؛ لأن ذلك بمعنى البيع، فأما من أهدي له شيء منها أو تصدق به عليه فله أن يتصرف فيه بما شاء من بيع وغيره". مجموع فتاوى ورسائل ابن عثيمين(٢٥/١٦٢).
Құрметті ғалым Ибн Усаймин (Аллаһ оны рахым етсін) айтады:
"Құрбандықтың қандай нәрсесі болмасын, сатуға болмайды; еттен болсын, майынан болсын, теріден немесе одан басқасы болсын. Себебі, ол - Аллаһ үшін шыққан қаражат. Ол малдын садақа ретінде бір жері қайта келуі болмайды. Қасапшыға малды сойғаны үшін, ол малдың бөлігі берілмейді. Себебі, ол - сауданың бір түрі.
Ал, егер біреуге ол малдан сыйлық ретінде берілсе немесе садақа ретінде берілсе, ол малды сатуға да немесе басқасына да қалағаныша жұмсаса болады."
(Маджму' фатауа уа росайль 25/162)
Аллаһтан сұраймын, құрбандығымызды қабыл етсін!
Ақиқатында, Аллаһ Та'ала дұғаларға жауап беруші!
🖋 Сәтімжан абу Муса
t.me/uazakkir
🎙 Құрметті Ғалым Солих аль-Фаузан (Аллаһ оны сақтасын)
Сұрақ: Зуль Хиджа айының бастапқы он күні кірген кезде, Пайғамбарымыздың (оған Аллаһтың игілігімен сәлемі болсын) жолы қандай болған, және қандай амалдарды жасаған абзал?
Жауап: Зуль Хиджа айының бастапқы он күндерінде жасалатын амалдар: барлық салиқалы амалдар. Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігімен сәлемі болсын) арнайы бұл күндерде нақты бір амалды жасауды нақтылап шектемеген.
Ардақты Сахабалардың бірі ибн Аббастан сахих аль Бухариде келген хадисте:
Пайғамбарымыз, осы күндерде жасалған амалдарды - Аллаһ үшін ең жақсы, әрі Аллаһқа сүйкімді болатынын айтты.
Сол кезде біреу: "Әй, Аллаһтың Елшісі! Тіпті Аллаһ жолындағы күрестен де жақсы ма?" - деп сұрады.
"Тіпті Аллаһ жолындағы күрестен де. Тек Аллаһ жолына өз жанымен, мал-мүлкісімен шығып, еш нәрсесі қайтпаған адамнан басқа." - деп жауап берді.
Басқа күндерде жасалған амалдар Аллаһ үшін бұл күндердегідей жақсы, әрі сүйкімді абзал бола алмас.
Пайғамбарымыз, солляЛлаху алейхи уа саллям, ешбір амалды осы күндермен шектемеді.
Бірақ, осы Зуль Хиджа айының бастапқы он күндерінде жалпы такбир айту керек.
{... وَیَذۡكُرُوا۟ ٱسۡمَ ٱللَّهِ فِیۤ أَیَّامࣲ مَّعۡلُومَـٰتٍ...}
...белгілі күндерде Аллаһтың есімін еске алсын...
[Аль-Хадж: 28]
"Белгілі күндерде Аллаһтың есімін еске алсын" - ол осы он күн Такбир (Аллаһу акбар) айту және Таһлиль (ля иляһа илляллаһ) айту, және осы он күнде ораза ұстаған абзал. Тек қажылық жасаушы адам соңғы оныншы күн “Арафа күні”, ораза ұстамайды. Бәлкім, ауызы ашық болады.
Және нәпіл намаздарды оқыған абзал, және басқа да барлық (Құран оқу, садақа беру, дұға қылу, білім алу т.б.) құлшылықтарды осы Зуль Хиджа айының бастапқы он күндерінде жасағанның артықшылығы бар.
Дайындаған: Сәтімжан абу Муса
https://youtu.be/u47MuT4KGKQ
🎙 Құрметті Ғалым Абдульазиз ибн Баз (Аллаһ оны рахым етсін)
Сұрақ: Екеуінің қайсысы абзал? Рамазан айының соңғы он күні ма? Әлде Зуль-хиджа айының бастапқы он күні ма?
Жауап: Рамазан айының соңғы он күні - түн жағынан абзал, себебі ішінде Қадір түні бар.
Ал, күн жағынан алғанда абзалы - Зуль-хиджа айының он күні, себебі ішінде Арафа күні мен Нахр күні (үлкен қажылық күні) бар.
Бұл екеуі, осы дүниенің ең абзал күндерінен. Осы білім иелерінен болған зерттеушілердің сүйенетіні. Зуль-хиджа айының бастапқы он күні - күн жағынан алғанда ең абзалы. Ал, Рамазан айының соңғы он түні - түн жағынан алғанда ең абзалы, себебі ішінде Қадір түні бар. Ол - түндердің ең абзалы.
Дайындаған: Сәтімжан абу Муса
https://youtu.be/nY-nDUcRg_U
Имам Ас-Са'ди (Аллаһ оны рахым етсін):
Бұл Аллаһтың құлдарына болған мейірімділігі, үлкен нығметі, сондықтан да құлдарының діндері мен дүниелерін дұрыстайтын дұға қылуға бұйырды. Оларды Өзіне дұға қылуға, құлшылық дұғасы және сұрау дұғасын қылуға бұйырды. Және оларға жауап беретіндігін уәде беріп, құлшылық қылудан бас тартқандарды қорқытты.
"Расында, Маған құлшылық қылудан бас тартқандар, тозаққа қорланған күйде кіреді" - жексұрын, бейшара болған күйде кіреді, олардың тәкаппарлықтары себепті, оларға қарсы азап және қорлық жиналады.
Дайындаған: Сәтімжан абу Муса
📖 Аллаһты еске алатындардан бол
🎙 Шейх Холид ар-Роддади رحمه اللّٰه
Аллаһты таңда және кеште еске алады, және дәлелдермен келген Пайғамбарымыздың (солляЛлаху алейхи уа саллям) сахих зікірлермен Аллаһты еске алуда тұрақты болған жағдайда, және дәлелдермен келген өз уақыттарында еске алса, бұндай кезде ол - Аллаһты көп еске алатын еркектер мен Аллаһты көп еске алатын әйелдерден болады.
Сенің Аллаһты еске алатын уақытың арнайы болсын, және сол уақытыңа немқұрайлықпен қарама, себебі Аллаһты еске алуда сенің азығың бар. Және Аллаһты еске алу саған қорған болады, сенің кеудеңдегі қайғы мен мұңды кетіреді.
Істеріңнің жеңілдеуіне Аллаһтан көмек болады және мазасыздықтан құтылу болады. Аллаһты еске алуда немқұрайлық танытпа және Қасіретке ұшырағандардан болма.
Дайындаған: Сәтімжан абу Муса
بسم الله الرحمن الرحيم
{ وَجَعَلۡنَا مِنۡهُمۡ أَىِٕمَّةࣰ یَهۡدُونَ بِأَمۡرِنَا لَمَّا صَبَرُوا۟ۖ وَكَانُوا۟ بِـَٔایَـٰتِنَا یُوقِنُونَ }
[Ас-Саджда: 24]
وَجَعَلْنَا مِنْهُمْ﴾ أي: من بني إسرائيل ﴿أَئِمَّةً يَهْدُونَ بِأَمْرِنَا﴾ أي: علماء بالشرع، وطرق الهداية، مهتدين في أنفسهم، يهدون غيرهم بذلك الهدى، فالكتاب الذي أنزل إليهم، هدى، والمؤمنون به منهم، على قسمين: أئمة يهدون بأمر اللّه، وأتباع مهتدون بهم.
والقسم الأول أرفع الدرجات بعد درجة النبوة والرسالة، وهي درجة الصديقين، وإنما نالوا هذه الدرجة العالية بالصبر على التعلم والتعليم، والدعوة إلى اللّه، والأذى في سبيله، وكفوا أنفسهم عن جماحها في المعاصي، واسترسالها في الشهوات.
﴿وَكَانُوا بِآيَاتِنَا يُوقِنُونَ﴾ أي: وصلوا في الإيمان بآيات اللّه، إلى درجة اليقين، وهو العلم التام، الموجب للعمل، وإنما وصلوا إلى درجة اليقين، لأنهم تعلموا تعلمًا صحيحًا، وأخذوا المسائل عن أدلتها المفيدة لليقين.
فما زالوا يتعلمون المسائل، ويستدلون عليها بكثرة الدلائل، حتى وصلوا لذاك، فبالصبر واليقين، تُنَالُ الإمامة في الدين
________________________________________
Әрі олар сабыр етіп, аяттарымызга нақ сенген кезде, араларынан бұйрығымызбен тура жол көрсететін имамдар қылған едік.
[Сәжде сүресі, 24 аят]
Бану Исройль сабыр етіп, аяттарымызға нақ сенген кезде, араларынан шариғатты және тура жолды білетін, бұйрығымызбен өздері тура жолда болып және басқаларды тура жолға бағыттайтын ғалымдар қылған едік.
Оларға түсірілген Кітап - тура жол.
Олардың иман келтіргендері екі түрлі:
Аллаһтың әмірімен тура жолда болған имамдар (ғалымдар) және тура жолдағы сол имамдардың артынан ерушілер. Біріншісі Пайғамбарлық пен Елшілік дәрежесінен кейінгі дәрежелердің ең биігі, ол - шыншылдардың дәрежесі. Олар осы биік дәрежеге үйрену мен үйретудегі, Аллаһқа шақырудағы және сол жолдағы қиындықтарға сабыр етумен жетті. Күнәларға нәпсілерінің еркелігін және құмарлыққа нәпсілерінің кеңейіп кетуінен тыйды.
"Аяттарымызға нақ сенген кезде" - олар Аллаһтың аяттарына иман келтіруде нақ сенімге (яқинге) жетті.
Ол - амалға алып келетін толық білім. Олар білімді дұрыс жолмен үйрену арқылы және күмәнді кетіретін пайдалы дәлелдерге сүйену арқылы мәселелерді үйренген. Сол күмәні кетіп яқинге жеткенше дейін мәселелердің анық қанығына көптеген дәлелдерді алып келетін.
Діндегі имамдық - ғұламалық деңгейі, сабырлық пен нақ сенім арқылы келеді.
Құрметті Ғалым Абдуррохман ас-Са'ди (Аллаһ оны рахым етсін) тафсирінің мағыналық аудармасы
Дайындаған: Сәтімжан абу Муса
بسم الله الرحمن الرحيم
{یَـٰۤأَیُّهَا ٱلَّذِینَ ءَامَنُوۤا۟ إِذَا نُودِیَ لِلصَّلَوٰةِ مِن یَوۡمِ ٱلۡجُمُعَةِ فَٱسۡعَوۡا۟ إِلَىٰ ذِكۡرِ ٱللَّهِ وَذَرُوا۟ ٱلۡبَیۡعَۚ ذَ ٰلِكُمۡ خَیۡرࣱ لَّكُمۡ إِن كُنتُمۡ تَعۡلَمُونَ }
[Сура Аль-Джуму'а: 9]
يأمر تعالى عباده المؤمنين بالحضور لصلاة الجمعة والمبادرة إليها، من حين ينادى لها والسعي إليها، والمراد بالسعي هنا: المبادرة إليها والاهتمام لها، وجعلها أهم الأشغال، لا العدو الذي قد نهي عنه عند المضي إلى الصلاة، وقوله: ﴿وَذَرُوا الْبَيْعَ﴾ أي: اتركوا البيع، إذا نودي للصلاة، وامضوا إليها.
فإن ﴿ذَلِكُمْ خَيْرٌ لَكُمْ﴾ من اشتغالكم بالبيع، وتفويتكم الصلاة الفريضة، التي هي من آكد الفروض.
﴿إِنْ كُنْتُمْ تَعْلَمُونَ﴾ أن ما عند الله خير وأبقى، وأن من آثر الدنيا على الدين، فقد خسر الخسارة الحقيقية، من حيث ظن أنه يربح، وهذا الأمر بترك البيع مؤقت مدة الصلاة.
Әй иман келтіргендер! Жұма күні намаз үшін азан айтылған кезде, дереу Алланы еске алуға (намазға) ұмтылыңдар; және сауданы қойыңдар, егер білген болсаңдар, сендер үшін жақсы.
Жұма сүресі, 9 аят
Аллаһ өзінің момын құлдарын жұма намазына қатысуды және оған шақырылған кезде намазға асығып, ұмтылуды бұйырып жатыр.
Ұмтылудың мағынасы: намазға бара жатқан кездегі қайтарылған жүгіру емес, бәлкім ертерек бару, мән беру, оны маңызды амалдардан қылу.
"Және сауданы қойыңдар" - егер намазға шақырылса сауданы тастап, намазға барыңдар.
"Расында, сендер үшін жақсы" - парыздардың күштісі болып табылатын парыз намазды жіберіп, саудамен айналысқаннан гөрі.
"Егер білсендер" - Аллаһтың алдында жақсы әрі ұзақ қалады.
Ал, егер кімде-кім дүниені діннен жоғары қойса нағыз Қасіретке ұшырады. Ол пайдаға жетемін деп ойлаған еді. Сауданы тастауға бұйрық - уақытша, намаз уақыты кезінде.
{فَإِذَا قُضِیَتِ ٱلصَّلَوٰةُ فَٱنتَشِرُوا۟ فِی ٱلۡأَرۡضِ وَٱبۡتَغُوا۟ مِن فَضۡلِ ٱللَّهِ وَٱذۡكُرُوا۟ ٱللَّهَ كَثِیرࣰا لَّعَلَّكُمۡ تُفۡلِحُونَ }
[Сура Аль-Джуму'а: 10]
﴿فَإِذَا قُضِيَتِ الصَّلَاةُ فَانْتَشِرُوا فِي الْأَرْضِ﴾ لطلب المكاسب والتجارات ولما كان الاشتغال في التجارة، مظنة الغفلة عن ذكر الله، أمر الله بالإكثار من ذكره، فقال: ﴿وَاذْكُرُوا اللهَ كَثِيرًا﴾ أي في حال قيامكم وقعودكم وعلى جنوبكم، ﴿لَعَلَّكُمْ تُفْلِحُونَ﴾ فإن الإكثار من ذكر الله أكبر أسباب الفلاح.
Намаз өтелген кезде, жер жүзіне таралыңдар да Алланың мәрхаметінен несібе іздеңдер. Сондай-ак Алланы көбірек зікір етіңдер. Әрине құтыласыңдар.
Жұма сүресі, 10 аят
"Намаз өтелген кезде, жер жүзіне таралыңдар да Аллаһтың мейірімімен ризық-несібе іздеңдер" - пайдаларыңмен сауда-саттықтарыңды іздеуге жер жүзіне таралыңдар.
Саудамен айналысу Аллаһты еске алуда ғапылдықтың көзі болғандықтан, Аллаһ Өзін көп еске алуды бұйырды.
"Сондай-ақ Аллаһты көбірек зікір етіңдер", яғни тіке тұрған күйлеріңде, отырған күйлеріңде, жанбасынан жатқан күйлеріңде.
"Әрине құтылуларың үшін" - себебі Аллаһты еске алуды көбейту, жетістікке жетудің ең үлкен себептерінен.
Құрметті Ғалым Абдуррохман ас-Са'ди (Аллаһ оны рахым етсін) тафсирінің мағыналық аудармасы
Дайындаған: Сәтімжан абу Муса
📖 Жүрекке мән берудің маңыздылығы
🎙 Шейх Мухаммад ибн Салих аль-Усеймин رحمه اللّٰه
Әй, мұсылман бауырым! Аллаһтың сөзін тыңда:
"Ал олар білмей ме? Қабырдағылар қопарылып шығарылған кезде. Кеудедегілер ашыққа шығарылатын сәтте"
Кез келген адам дене мүшелерінің амалдарын ең жақсы күйде жақсартуға шамалары жетеді, бірақ, жүректердің амалдары – ауыр. Сол үшін кейбір ілгеріде өткен ғалымдар айтады: "Нәпсіммен ықыласты болу үшін күрескендегідей басқасымен күреспедім".
Тыңда, әй бауырым! Біз амалдарымызда ықыластымыз деп ойлап жүрген ықылас, ілгеріде өткен ғалымдар айтатын: нәпсілерімен ықыласты болуға күрескендей басқасымен олай күреспеген.
Жүрегіңді тексер, әй, бауырым! Сенде көзбояушылық жоқпа? Сенде ақиқатқа жеккөрініш жоқпа? Сенде момындарға деген жиіркеніш жоқпа? Сенде момындарға жауласу жоқ па?
Жүрегіңді тексер, әй, бауырым! Күнделікті көйлегіңді тазалағаннан гөрі күнделікті жүрегіңді тазалаған маңыздырақ. Жүрегіңді жуып, тазала. Аллаһтың сөзін тыңда:
Маида, 41: "Аллаһ солардың жүректерін тазартуды қаламады, оларға осы дүниеде қорлық әрі ақыретте қатты азап бар".
Жүрегіңді тазала! Иә, Аллаһым, жүрегімізді тазала, әй, әлемдердің Раббысы! Аллаһым жүрегімізді көзбояушылықтан (риядан) тазалай гөр, мұсылмандарға жеккөрініштен жиіркеніштен тазарт, Аллаһым біздің өміріміздің соңғысын бақытты қыл, және біздің тағдырымызға жақсылық (жәннат) әрі қосымша (Аллаһтың жүзін көру) жазылғандардан қыла гөр!
Дайындаған: Сәтімжан Абу Муса
https://youtu.be/kJxdwSa9IIE