بسم الله الرحمن الرحيم
عَنِ ابنِ مسعودٍ - رضي الله عنه - قالَ النبيُّ صلَّى اللهُ عليه وسلَّم:
"الجنَّةُ أقربُ إِلَى أحدِكمْ مِنْ شِرَاكِ نَعْلِيه، والنَّارُ كذلك". رواه البخاري
Пришло в хадисе от Абдуллы ибн Мас’уда (да будет доволен им Аллах), что Пророк (да благословит его Аллах и приветствует) сказал: «Рай ближе к каждому из вас, чем шнурки от его собственной обуви, так же и Ад».
Говорит уважаемый ученый Абдульазиз ибн Баз (да помилует его Аллах) в пояснениях к книге Риядуссолихин:
В этом хадисе доказательство на то, что необходимо торопиться к благому и соревноваться в подчинении (Аллаху), а также готовиться к последней жизни (ахира) и остерегаться упущений. Потому что эта жизнь является жизнью для деяний, жизнью для посевов и подготовки к ахира. Жизнь не вечная, не предназначенная для наслаждений, преходящая жизнь. Поэтому наш Пророк (да благословит его Аллах и приветствует) сказал: «Рай ближе к каждому из вас, чем шнурки от его собственной обуви, так же и Ад».
Между тобой и Раем или Адом только лишь выход твоей души из тела. Смерть придет к тебе по приказу Аллаха утром или вечером. Сколько людей, выйдя из дома, так и не вернулись в него по причине остановки сердца, аварии или по каким-либо другим причинам. Твоя смерть в руках Аллаха, не в твоих руках. Смерть приходит в предназначенный срок. Когда бы ни пришла, она непременно заберет то, за чем пришла. Разумный человек должен готовиться (к ахира) до того, как смерть явится к нему. Смерть может прийти внезапно в момент, когда ты беспечно проводишь свое время.
Будь осторожен! Если в момент выхода души из тела человек будет на прямом пути, пути подчинения Аллаху, то он зайдет в Рай. Если же в момент выхода души из тела человек будет на заблуждениях и грехах, то он зайдет в Ад. Выбор за тобой! По этой причине наш Пророк (да благословит его Аллах и приветствует) сказал: «Рай ближе к каждому из вас, чем шнурки от его собственной обуви, так же и Ад».
Этот хадис показывает нам близость последней жизни, Рая и Ада. Разумный человек не будет останавливаться совершать праведные деяния до тех пор, пока не спасется от Ада и не зайдет в Рай. Необходимо постоянно просить у Аллаха помощи в совершении благих дел, стараться использовать оставшееся тебе время для благого. Не ленясь и не слабея, не погружаясь в пустые мечтания, желая прожить до глубокой старости, возможно до восьмидесяти или девяноста лет, удовлетворяя свои прихоти, ведь в такой момент вполне вероятно, что тебя настигнет внезапный конец.
Подготовил: Сатымжан абу Муса
И Аллах знает лучше
بسم الله الرحمن الرحيم
عَنِ ابنِ مسعودٍ - رضي الله عنه - قالَ النبيُّ صلَّى اللهُ عليه وسلَّم:
"الجنَّةُ أقربُ إِلَى أحدِكمْ مِنْ شِرَاكِ نَعْلِيه، والنَّارُ كذلك". رواه البخاري
Абдулла ибн Мас'удтан (Аллаһ оған разы болсын) келген хадисте Пайғамбар (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) айтады: "Жәннат сендердің қайсыбіріңе аяқ киімінің бауынан да жақын, тозақ та дәл солай".
Құрметті Ғалым Абдульазиз ибн Баз (Аллаһ оны рахым етсін) Риядуссолихин кітабының түсіндірмесінде айтады:
Бұл хадистер жақсылықтарға асығу және бойсұнуларда жарысу керектігіне, ахыретке дайындалып ғапылда болудан сақтану керектігіне дәлел болады. Себебі бұл дүние амал дүниесі, ахыретке егін егу және дайындық дүниесі. Мәңгі қалып, рахаттанатын дүние емес бәлкім көшіп кететін дүние. Сол себепті Пайғамбарымыз (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) айтады: "Жәннат сендердің қайсыбіріңе аяқ киімінің бауынан да жақын, тозақ та дәл солай".
Сенімен жәннаттың немесе тозақтың арасында жанның шығуы ғана. Өлім саған таңертең немесе кешке Аллаһтың әмірімен келеді. Қаншама адам үйінен шығып, жүрегі тоқтаумен немесе көлігі аударылумен немесе басқа себептермен үйіне қайтпаған. Өлім Аллаһтың қолында, сенің қолыңда емес. Өлімнің белгіленген уақыты бар. Қашан келсе бірден иесін алып кетеді. Ақылды адам өлім келмей тұрып дайындалу керек. Ғапілетте болған кезде саған өлім кенеттен келеді.
Сақ бол! Егер рух шығар кезде адам тура жолда әрі Аллаһқа бойсұнуда болса жәннат болады. Ал, егер рух шығар кезде адам адасу мен жамандықта болса ол адамға тозақ болады. Таңдау өзіңде! Сол себепті Пайғамбарымыз (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) айтады: "Жәннат сендердің қайсыбіріңе аяқ киімінің бауынан да жақын, тозақ та дәл солай".
Бұл хадис бізге ахыреттің, жәннат пен тозақтың жақын екендігін баяндайды. Ақылды адам тозақтан құтылып жәннатқа кіргенше салиқалы амал жасауды тоқтатпайды. Әрдайым Аллаһтан жақсы амал жасауға көмектесуін сұрап, қалған уақытын мүмкіндігінше жақсы амал жасауға жәрдем сұрап, көп әрекет ету керек.
Жалқауланбай, әлсіремей, армандауды көбейтпей, мен қартайғанша, мүмкін сексен тоқсан жасқа келгенше өмір сүре тұрайын деп нәпсі сұрағанын беріп жүрген кезде өлімнің кенеттен келуі әбден мүмкін.
Дайындаған: Сәтімжан абу Муса
Аллаһ жақсырақ білуші
بسم الله الرحمن الرحيم
Құрметті Ғалым Абдуссалям ибн Барджас (Аллаһ оны рахым етсін)
Білім талап қылудағы құлшыныс ыждағатты болу тура жолға түсірілген адамның белгісі. Аллаһтың оған жақсылық қалауының белгісі.
Хадисте келгендей:
عن مُعَاوِيَةَ بن أبي سفيان رضي الله عنهما قال: سَمِعْتُ النَّبِيَّ صَلَّى اللهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ يَقُولُ: "مَنْ يُرِدِ اللَّهُ بِهِ خَيْرًا يُفَقِّهْهُ فِي الدِّينِ"
Муауия ибн аби Суфиан (Аллаһ оларға разы болсын) келген хадисте Пайғамбарымыз (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) айтады: "Егер Аллаһ кімге жақсылық қаласа оған дінде түсінік береді".
Діндегі түсінік ең үлкен мәртебе болып табылады, оған тек осы үмметтің ықыластылары ғана жетеді. Сол үшін Аллаһ олардың дәрежелерін осы дүниеде көтереді және олардың дәрежелерін ахыретте көтереді.
Қалай болмасқа? Олар Аллаһтың шариғатында берік тұрушылар, қоғаушылар. Аллаһ өзінің Елшісіне түсіргендей, Адамдарға солай тап таза күйінде жеткізушілер. Олар куәліктері хадистері қабыл болатындар, берік, ең үздіктер, олар Пайғамбарымыздан (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) және сахабалардан кейіңгі үмметтің ең құрметтілері.
Пайғамбарымыз (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) айтқандай: "Бұл білімді әр ұрпақтың әділеттілері арқалайды, олар шеттен шығушылардың діндегі өзгертулерінен, адасушылардың ойлап тапқан жаңалықтарынан, және білімсіз надандардың түсіндірмелерінен айдап қуып тазалайтындар".
قَالَ رَسُولُ اللَّهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ: "يَحْمِلُ هَذَا الْعِلْمَ مِنْ كُلِّ خَلْفٍ عُدُولُهُ, يَنْفُونَ عَنْهُ تَحْرِيفَ الْغَالِينَ, وَانْتِحَالَ الْمُبْطِلِينَ, وَتَأْوِيلَ الْجَاهِلِينَ"
Қайсыларымыз олардың керуендеріне қосылғысы келмейді. Күмән жоқ, барлығы соны қалайды армандайды. Олардың биіктігіне қарайды.
Дайындаған: Сәтімжан абу Муса
Аллаһ жақсырақ білуші
https://youtu.be/A6E6EcYLU0k
- Адам аты шығуын жақсы көрмейтін адам болуы керек. Бірақ ол адамды оқшаулануға бұйыру керек деген сөз шықпайды, ол кісіге адамдардан оқшаулан деп айтпаймыз, бірақ адамдардың арасында өзіңді көрсетуге ұмтылма деп айтамыз.
Сосын біл, егер сен жасырын жүріп, танымал болуға лайықты адамдардан болсаң, Аллаһ сені танытып, көрсетіп қойады. Оқшаулануға келетін болсақ, сөздердің ең дұрыс айтылғаны: егер дінді қорғау үшін болса сөйлесе, онда ол жақсы. Пайғамбарымыз (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) айтады: "Адамдармен араласып, зияндарына сабыр ететін мүмін, адамдармен араласпайтын және зияндарына сабыр етпейтін мүміннен жақсы". Ендеше адамдармен аралас, олардың зияндарына сабыр ет. Мағынасы, адамдарды жақсылыққа бұйырып жамандықтан қайтаратынына дәлел бар. Себебі адамдармен араласпайтын адам зиян көрмейді.
Дайындаған: Сәтімжан абу Муса
Аллаһ жақсырақ білуші
https://youtu.be/wQJRh2KFym4
بسم الله الرحمن الرحيم
عن سعد بن أبي وقاص رضي الله عنه قال: سمعت رسول الله صلى الله عليه وسلم يقول: "إن الله يحب العبد التقي، الغني، الخفي"
أخرجه مسلمٌ
Са'д ибн Аби Уаққос (Аллаһ оған разы болсын) Аллаһтың Елшісінің (Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай дегенін естіген:
"Расында Аллаһ тақуалы, бай, қарапайым құлды жақсы көреді"
Имам Муслим риуаят еткен
Құрметті Ғалым Мухаммад ибн Солих аль-Усеймин (Аллаһ оны рахым етсін) айтады:
«Расында Аллаһ жақсы көреді» – "Расында" деген сөзбен күшейтіліп келген сөйлем.
«Жақсы көреді» – жақсы көру Аллаһтың бекітілген шынайы сипаты. Аллаһ адамдардан, амалдардан, уақыттардан, жерлерден қалағанын жақсы көреді. Аллаһтың махаббаты осылардың барлығымен байланысты. "Аллаһқа ең сүйікті болған жерлер мешіттер" бұл жерлермен байланысты. Уақытпен байланысты "Аллаһқа ең сүйікті болған амал: өз уақытында оқылатын намаз" бұл хадисте амалдар мен уақытқа байланысты. Себебі намаздың өз уақытында оқылуы Аллаһқа сүйікті болған уақыт. Адамдарға байланысты: "Расында Аллаһ тақуалыларды жақсы көреді" бұл жерде жалпылама түрде айтылды, ал жекелеп айтылғаны: "ертең бұл жалауды, оны Аллаһ әрі Елшісі жақсы көретін және ол кісі Аллаһты әрі Елшісін жақсы көретін адамға беремін" бұл жерде адамға жекелеп айтылды. Және намазда әрдайым қосымша сүреге ықылас сүресін қосып оқитын адам туралы "Аллаһ оны жақсы көреді – деп оған айтып барыңдар" – деген. (Аса Мейірімдінің сипаты болған үшін жақсы көріп оқитын)
«Құлды жақсы көреді» – бұл жердегі құлдық шариғи ма әлде болмыс па? Бұл жердегі Құлдық шариғи құлдық. Себебі "Аллаһ жақсы көреді" деп айтылып тұр. Ал "жақсы көрмейді" деген сөз келсе болмыс құлдық деп аталады. Мысалы, кәпір де Аллаһтың құлы, бірақ Аллаһ оны жақсы көрмейді, болмыс (кауни) құлдық.
«Тақуалы» – Аллаһтан қорқатын адам, тақуалық ол Аллаһтың азабынан қорғайтын амалдарды жасау. Бұйрықтарын орындауымен, тыйымдарды тастаумен Аллаһқа бойсұну. Тақуалық турасында айтылған ең жақсы сөз осы.
«Бай» – Аллаһтан басқаға мұқтаж болмауы, өзінде барымен шектелген, Аллаһ бергенге қанағатшыл. Адамдардан сұрамайды. Жалынып сұрамайды.
«Қарапайым» – аты шығуын жақсы көрмейтін адам, бір істің алдына шықпайды. Себебі ол кісідегі ең маңыздысы, Аллаһтың ол кісіге деген махаббаты мен Аллаһтың ол кісіге болған разылығы. Сол себепті Пайғамбарымыз (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) былай айтты: "Сондай адам болады, үрпиген шашты, шаң басып кеткен және есіктерден қуылады, егер Аллаһқа ант беріп сөз берсе, Аллаһ оны орындап береді."
Бұл үрпиген шашты, шаң басып кеткен және есіктерден қуылатын адам: аты шығуын қаламайтын, танымал емес, есіктерге кіруге рұқсат берілмейтін қарапайым адам.
Пайғамбарымыз (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) айтады: "Аллаһ жолында жылқысының жүгенінен ұстаған, шашы түйіскен, екі аяғын шаң басқан адамға жәннаттағы Туба ағашы болсын. Жасақтың артында тұру керек болса артында мұқият тұрады, бастапқы шекараны қорғау керек болса мұқият тұрады. Егер рұқсат сұраса оған рұқсат берілмейді, және біреу үшін шапағатшы болса шапағаты қабыл болмайды."
Бұл қарапайым адамға бір жерге тұр делінсе, таңдамай тұра беретін адам. Адамдардың алдында болуға ұмтылмайды. Сол адамды Аллаһ жақсы көреді. Ал, адамдардың алдында танымал болғысы келетін, отырыстарда өзінен басқа адам жоқ секілді сөйлеп отыратын, қасында сол отырыста оқып жүрген адам болса онымен үлкен ғалымдар секілді мына мәселеде не дейсін қалай жинайсын деп оған баяндап үйретіп жатады. Қарапайым бол, Аллаһтың алдында жоғары боласын!
Бұл хадистен алынатын пайдалар:
- Аллаһқа жақсы көру сипатын бекіту. Аллаһ жақсы көреді деп айтылды.
- Осы қасиеттерге ұмтылу. Олар: Аллақа құл болуды жүзеге асыру, тақуалық, бай болу- адамдардың қолындағыларға мұқтаж болмауы, және қарапайымдылық. Бұл қасиеттерді Аллаһ және оның Елшісі жақсы көреді.
- Адам басқа адамдардың қолындағыға мұқтаж болмауы керек, бәлкім тіпті адамдарға мұқтаж болмауы тиіс. Ешбір адамнан еш нәрсе сұрамауы тиіс, тек қатты мұқтаж болған кезден ғана. Себебі адамның бай болуы тек осылай ғана жүзеге асады.
بسم الله الرحمن الرحيم
Польза из книги Аль-Фауаид уважаемого ученого Мухаммада ибн аби Бакр ибн аль-Койма (да помилует его Аллах)
Свои переживания и тревоги используй для того, чему ты был приказан (например, переживать, искреннее ли у меня намерение, правильно ли я читаю намаз и т.п.). Не занимай свои мысли тем, что тебе уже предписано и обещано (например, пропитание, смерть и т.п.).
Поистине, твои пропитание (ризк) и смерть (ажал) тебе гарантированы. И пока не наступит смерть, твой ризк не остановится.
Если Аллах по Своей Мудрости закрыл для тебя какую-либо из дверей, то по Своей же Милости Он откроет тебе другую более полезную дверь.
Задумайся над положением младенца, находящегося в утробе своей матери. Его пропитание поступает ему посредством крови только одним путем – это пуповина! Когда он покидает утробу своей матери, для него этот путь закрывается. Однако теперь ему открыты два других пути, гораздо более лучших: они слаще, чище и вкуснее по сравнению с первым путем.
Когда заканчивается период вскармливания ребенка, то и эти два пути закрываются. Взамен же ему открываются четыре еще более полноценных путей пропитания: два из еды, а два из питья.
Еда – это разновидности мяса и растений.
Питье – это разновидности молока и воды (напитков).
А также всё то из полезного и вкусного, что приходит этими путями.
Когда же приходит смерть, то эти четыре пути также закрываются. Однако Пречистый Аллах открывает восемь новых путей тем из людей, которые обрели счастье. Это восемь дверей Рая, и раб зайдет в ту из них, в какую пожелает.
Таким образом наш Господь, забирая или останавливая что-то у верующего в этой жизни, обязательно заменит это более лучшим и полезным для него. И это не даровано никому, кроме верующих.
Воистину, Аллах для того, чтобы одарить Своего раба лучшей долей, удерживает его от чего-то низкого и менее ценного, и Он недоволен этим для Своего раба.
Раб же, не зная того, в чем для него нужда и польза, а также не осознавая Щедрость, Мудрость и Милость своего Господа, не различает между тем, что для него запретно и тем, что уготовано для него.
Быть может он любит то, что достается ему легко и быстро, даже если это что-то, не имеющее ценности. Стремление же к будущему у него невелико, даже если это что-то прекрасное и возвышенное.
Если бы раб справедливо и праведно служил своему Господу (откуда бы у него этому взяться?), он бы непременно узнал, что Милость Аллаха к нему гораздо шире, чем все запреты этого мира и его просторов.
Аллах запрещает только для того, чтобы одарить его.
Подвергает страданиям только для того, чтобы простить его.
Испытывает только для того, чтобы очистить его.
Умерщвляет только для того, чтобы оживить его.
Приводит раба в этот мир, чтобы он подготовился в этой жизни и прошел тем путем, который ведет к Нему.
📚 الفوائد
Подготовил: Сатымжан абу Муса
И Аллах знает лучше
بسم الله الرحمن الرحيم
Құрметті Ғалым Мухаммад ибн аби Бакр ибн аль-Қойм (Аллаһ оны рахым етсін) Аль-Фауаид кітабының пайдаларынан
Уайымың мен ойларыңды сен бұйырылған амалдарға жұмса (мысалы, ықыласым дұрыс па? намаз оқуым дұрыс па? тағы сол сияқты).
Ойыңды саған кепілдік берілген немесе саған уәде етілген заттармен шұғылдандырма (мысалы, ризық, қашан өлемін т.б.)!
Расында ризық пен ажал қосылып бірге екеуі де кепіл етілген. Ажал келмегенше ризық тоқтамай келе береді.
Егер Аллаһ өзінің даналығымен өзінің есіктерінің бірін сен үшін жауып тастаса, қалайда өзінің Мейірімділігімен басқа пайдалырақ жолын ашады.
Анасының ішінде болған сәбидің жағдайын ойланып көр! Тамағы (азығы) қан болған күйде бір жолмен ғана келіп тұратын, ол - кіндік! Анасының ішінен шыққан кезде сол жолы үзілді. Ол үшін сол жолдан жақсырақ одан басқа екі жол ашты, біріншіге қарағанда тәттірек, таза әрі дәмді ризық жүргізді (емізу кезеңі).
Емізу кезеңі бітсе, емізуден шығарумен екі жолы үзіледі, сосын одан толығырақ болған төрт жол ашып береді.
Екеуі: тамақтан, екеуі: сусыннан.
Екі тамақ: еттер мен өсімдіктерден.
Екі сусын: сүттер мен сулардан.
Және оларға қосылатын пайдалылар мен дәмділер.
Егер өлім келсе бұл төрт жол оған жабылады. Бірақ Кемшіліксіз Аллаһ ол адамға, егер бақытты болса (мүмін болса) сегіз жол ашады. Олар - жәннаттың сегіз есігі, құл оларға өзі қалағанымен кіреді.
Осылайша Раббымыз осы дүниеде мүміннен бір нәрсені тыйса тоқтатса, қалайда одан абзалын әрі пайдалысын береді. Және ол мүміннен басқаға берілмейді.
Расында Аллаһ құлына жоғары әрі бағалы қымбат несібе беру үшін, оны төмен, әрі нашар, әрі құлы үшін сол несібеге разы болмайтын несібеден тоқтатады.
Құл өзіне керекті мен пайдалыны білмегендігі себепті, Раббысының Жомартылығын, Даналығын әрі Мейірімділігін білмегені себепті, оған тыйым салынғандар мен ол үшін дайындалғанның айырмашылығын білмейді. Бәлкім тез келетінді жақсы көреді, төмен нашар болса да. Болашаққа қалауы төмен, жоғары жақсы зат болса да.
Егер құл Раббысына әділ (лайықты түрде) қызмет етсе – ондай қайдан болсын – оған болатын Мейірімділігі осы дүниедегі және дүниенің кеңшіліктерінен болған тыйымдарынан гөрі оған үлкенірек екенін білуші еді.
Аллаһ оған беру үшін ғана тыйады.
Кешіру үшін ғана қинайды.
Тазалау үшін ғана сынайды.
Тірілту үшін ғана өлтіреді.
Осы дүниеден дайындалу үшін әрі Өзіне апаратын жолмен жүргізу үшін бұл аулаға шығарады.
📚 الفوائد
Дайындаған: Сәтімжан абу Муса
Аллаһ жақсырақ білуші
بسم الله الرحمن الرحيم
إِنَّ ٱلَّذِینَ یُحِبُّونَ أَن تَشِیعَ ٱلۡفَـٰحِشَةُ فِی ٱلَّذِینَ ءَامَنُوا۟ لَهُمۡ عَذَابٌ أَلِیمࣱ فِی ٱلدُّنۡیَا وَٱلۡـَٔاخِرَةِۚ وَٱللَّهُ یَعۡلَمُ وَأَنتُمۡ لَا تَعۡلَمُونَ
Расында сондай мүміндердің арасында арсыздықтың жайылуын (таралуын) жақсы көргендерге; дүние, ахиретте күйзелтуші азап бар. Аллаһ біледі. Сендер білмейсіңдер.
[Нұр сүресі, 19 аят]
Құрметті Ғалым Абдуррохман ас-Са'ди (Аллаһ оны рахым етсін) тафсирінің мағыналық аудармасы:
"Расында сондай мүміндердің арасында арсыздықтың жайылуын жақсы көргендерге" – олар ұятты, жиіркенішті, шиеленісіп тұрған істерді, арсыздықтың таралуын жақсы көреді.
"Оларға дүние ахиретте күйзелтуші азап бар" – жүрек пен денені қатты ауыртады, ол азап мұсылман бауырларына жасаған сатқындығы мен алдағаны үшін, оларға жамандықты қалағандығы үшін, ар намыстарына қол сұққандығы үшін. Бұл қорқыту - мүміндердің арасында арсыздықтың жайылуын жәй ғана жақсы көргендерге болады, ал сол іске жүрекпен рахаттанатындар мен мүміндердің арасында арсыздық жайылуын жақсы көргеннен үлкенірегін жасайтындар қалай болады? Сол арсыздықты ол жасаған немесе жасамаған болсада бетін ашып беріп(ұятқа қалдырып), тарататындар қалай болады? Осының барлығы Аллаһтың мүмін құлдарына болған рахымдылығы, қандары мен мал-мүліктерін сақтаған сияқты ар намыстарын сақтау. Мүміндерді өте таза әрі ықыласты қарым қатынас жасауға, өзіне қалайтынды бауырына қалауды, және өзіне қаламайтынды бауырына да қаламауды бұйырды.
"Аллаһ біледі. Сендер білмейсіңдер." – сол себепті сендерді үйретті, сендер білмегенді баяндады.
Дайындаған: Сәтімжан абу Муса
http://t.me/uazakkir
بسم الله الرحمن الرحيم
وَإِذَا جَاءَهُمْ أَمْرٌ مِّنَ الْأَمْنِ أَوِ الْخَوْفِ أَذَاعُوا بِهِ ۖ وَلَوْ رَدُّوهُ إِلَى الرَّسُولِ وَإِلَىٰ أُولِي الْأَمْرِ مِنْهُمْ لَعَلِمَهُ الَّذِينَ يَسْتَنبِطُونَهُ مِنْهُمْ ۗ وَلَوْلَا فَضْلُ اللَّهِ عَلَيْكُمْ وَرَحْمَتُهُ لَاتَّبَعْتُمُ الشَّيْطَانَ إِلَّا قَلِيلًا
Қашан оларға қауіпсіз немесе қорқынышты бір іс (хабар) келсе, олар оны жайып, таратып жібереді. Егер де олар оны Елшіге немесе өздерінен болған басшыларға жеткізгенде, олардың ішіндегі іс білетіндері, оның мән-жайын білер еді. Егер сендерге Аллаһтың кеңшілігі әрі Оның мейірімі болмағанда, сендердің аздарыңнан басқаларың шайтанға ерген болар едіңдер.
[Ниса сүресі, 83 аят]
Құрметті Ғалым Абдуррохман ас-Са'ди (Аллаһ оны рахым етсін) тафсирінің мағыналық аудармасы:
Бұл, Аллаһ та'аланың, Өз құлдарына лайықты болмаған істеріне тәрбиесі. Егер оларға қауіпсіздікке байланысты немесе мүміндердің қуанышына жалпы маңызды іс хабар келетін болса, немесе оларға қайғысы бар қорқынышты іс хабар келетін болса, ол іс хабарды таратуға асықпай, тексеріп, анықтап алу қажет. Бәлкім, оны Елшіге (солляЛлаху алейхи уа саллям) немесе өздерінен болған басшыларға, істерді білетін, жақсылықты және қарсысын білетін білім, насихат, ақыл әрі салмақтылық иелеріне тапсырады. Егер солар, ол хабарды таратуда пайда, мүміндерге құштарлық, оларға қуаныш әрі жауларынан сақтану бар екенін көрсе, олар оны таратады. Ал, егер оның ішінде пайда жоқ екенін көрсе немесе пайда бар, бірақ зияны басым тұрса, онда оны таратпайды.
Сол үшін "Олардың ішіндегі іс білетіндері оның мән-жайын білер еді" – деді.
Яғни, түзу ой-пікірлерімен, дұрыс білімдерімен мән-жайын шығарып береді. Осында тәрбиелік қағидаға дәлел бар, ол: егер істердің бірінде іздеу зерттеу болатын болса, оны сол істің иесі басқару керек, әрі сол адамдардың алдарына озып, бұрын аттамау керек. Шындығында, ол дұрыстыққа жақынырақ және қатеден гөрі қауіпсіздеу. Бұл жерде: істерді естіген кезде таратуға асығудан қайтару бар және сөйлеуден бұрын ойлануға бұйрық бар. Ол жерде пайда бар ма, адам оған аяқ басатындай немесе пайда жоқ па, одан тоқтайтындай.
Сосын былай деп айтты:
"Егер сендерге Аллаһтың кеңшілігі әрі Оның мейірімі болмағанда" – сендерді тура жолға бағыттауы, сендерді тәрбиелеуі, сендер білмегенді үйретуі;
"сендердің аздарыңнан басқаларың шайтанға ерген болар едіңдер" – себебі адам табиғатымен залым әрі надан, нәпсісі тек жамандықты бұйырып тұрады. Ал, егер ол Раббысына жалбарынып, қатты ұстанып әрі сол жолда ыждағатты болса Раббысы оған мейірімділік қылып, барлық жақсылыққа бағыттап қояды. Және қуылған шайтаннан қорғап қояды.
Құрметті Ғалым Ибн Касир (Аллаһ оны рахым етсін) тафсирінен өткен аятқа үзінді:
"Аллаһтың бұл сөзінде, істерді анықтап алмай, хабарлап, жайып, таратып жіберуге асығатындарға кінәлау сөгу бар. Ол істерде шындық болмауы да мүмкін."
Имам Муслим "Сахих" кітабының кіріспесінде Абу Һурайрадан келген хадисте Пайғамбарымыз, солляЛлаху алейхи уа саллям, айтады: "Адамның өтірікші екеніне әрбір естігенін айта беруі жеткілікті."
Дайындаған: Сәтімжан абу Муса
بسم الله الرحمن الرحيم
أَفَرَءَیۡتَ مَنِ ٱتَّخَذَ إِلَـٰهَهُۥ هَوَىٰهُ وَأَضَلَّهُ ٱللَّهُ عَلَىٰ عِلۡمࣲ وَخَتَمَ عَلَىٰ سَمۡعِهِۦ وَقَلۡبِهِۦ وَجَعَلَ عَلَىٰ بَصَرِهِۦ غِشَـٰوَةࣰ فَمَن یَهۡدِیهِ مِنۢ بَعۡدِ ٱللَّهِۚ أَفَلَا تَذَكَّرُونَ
Өзінін құмарлығын өзіне тәңірі қылғаннан кейін Аллаһ оны білім үстінде адастырғанды көрдіңбе, Аллаһ оның есту қабілеті мен жүрегін мөрледі, әрі назарына перде жасады. Енді Аллаһтан кейін оны тура жолға кім салады, түсінбейсіндерме?
[Аль-Джасия, 23 аят]
Құрметті Ғалым Абдуррохман ас-Са'ди (Аллаһ оны рахым етсін) тафсирінің мағыналық аудармасы:
"Көрдің бе?" - адасқан еркекті.
"Өзінін құмарлығын тәңірі қылып алғанды" - Аллаһты разы немесе ашуландырса да құмарлығы (нәпсісі) қалағанына ериді.
"Аллаһ оны білім үстінде адастырды" - Аллаһтан болған біліммен, расында ол тура жолға, әрі тазаруға лайықты емес.
"Аллаһ оның есту қабілетін мөрледі" - оған пайда беретінді естімейді.
"Және жүрегін мөрледі" - жақсылықты түсінбейді, қабылдамайды.
"Әрі назарына перде жасады" - ақиқатты көруден тыйады.
"Енді Аллаһтан кейін оны тура жолға кім салады" - оны ешкім тура жолға сала алмайды, себебі Аллаһ оған тура жолдың есіктерін жауып, адасудың есіктерін ашты. Аллаһ оған зұлымдық қылмады, керісінше ол өзі өзіне зұлымдық қылды. Және өзіне Аллаһтың мейірімін тосатын себеп жасады (нәпсісін тәңірі қылғандығы себепті).
"Түсінбейсіндер ме?" - сендерге пайда әкелетінді оған ерулерің үшін, және сендерге зиян беретінді одан сақтануларың үшін.
Аллаһ бізді нәпсіге еруден сақтап, ақиқатқа еритіндерден қылсын!
Ақиқатында, Аллаһ Та'ала дұғаларға жауап беруші!
Дайындаған: Сәтімжан абу Муса
بسم الله الرحمن الرحيم
لَن یَنَالَ ٱللَّهَ لُحُومُهَا وَلَا دِمَاۤؤُهَا وَلَـٰكِن یَنَالُهُ ٱلتَّقۡوَىٰ مِنكُمۡۚ كَذَ ٰلِكَ سَخَّرَهَا لَكُمۡ لِتُكَبِّرُوا۟ ٱللَّهَ عَلَىٰ مَا هَدَىٰكُمۡۗ وَبَشِّرِ ٱلۡمُحۡسِنِینَ
Аллаһқа бұл сойылған малдың еттері де қандары да ешқашан жетпейді. Бірақ Аллаһқа сендердің тақуалықтарың жетеді. Сендерге тура жол көрсеткен Аллаһты, ұлықтауларың үшін; осылайша малды, еріктеріңе бердік. Жақсылық істеушілерді қуандыр.
[Аль-Хадж, 37 аят]
Құрметті Ғалым Абдуррохман ас-Са'ди (Аллаһ оны рахым етсін) тафсирінің мағыналық аудармасы
"Аллаһқа бұл сойылған малдың еттері де қандары да ешқашан жетпейді" – мақсат тек сою емес. Аллаһқа сойылған малдың еттерінен де қандарынан да еш нәрсесі жетпейді. Себебі ол – Өте Бай ешкімге мұқтаж емес, Аса Мақтаулы. Расында, Аллаһқа сойылған малдан ықылас, үміт және жақсы ниет жетеді, сол үшін Аллаһ былай деп жалғастырды:
"Бірақ сендердің тақуалықтарың жетеді" – бұл жерде мал сойған кезде көзбояушылықсыз, мақтанусыз, жәй әдет қылмай ықыласты болуға, сойған мақсаты тек жалғыз Аллаһтың жүзі болуға ынталандыру мен қызықтыру бар. Басқа да құлшылықтар солай болуы тиіс. Егер құлшылықта ықылас пен Аллаһтан қорқу болмаса, ішінде еті жоқ жәй тері мен қабық сияқты болады, және жаны жоқ дене сияқты болады.
"Аллаһты ұлықтауларың үшін малды сендерге бағындырдық" – асқақтатуларың және дәріптеулерің үшін.
"Сендерді тура жолға салған Аллаһ" – сендерге берген тура жолына, расында, Ол Аллаһ толық мақтауға, ең ұлы дәріптеулерге және ең биік асқақтауларға лайық.
"Жақсылық жасаушыларды қуандыр" – Аллаһқа құлшылық қылушылар. Аллаһқа олар көріп тұрғандай құлшылық қылатындар. Ол дәрежеге жете алмаса, құлшылық қылған кезде Аллаһ оларды көріп тұрғанына сеніп құлшылық қылатындар. Аллаһтың құлдарына барлық жақтан жақсылық қылушылар, біліммен, ақшалай, абыроймен, насихатпен, жақсылыққа бұйырумен, жамандықтан қайтарумен, жақсы сөзбен және сол сияқты жақсылықтармен пайда беретіндер. Жақсылық қылушыларға Аллаһтан осы дүниенің және ахыреттің бақытымен қуандыру бар. Олар Аллаһқа құлшылық қылуда және құлдарына жақсылық қылғандай Аллаһ оларға жақсылық қылады.
{Жақсылықтың сыйы тек жақсылық емес пе} [Рахман сүресі, 60 аят]
{Сондай жақсы іс істегендерге жақсылық (жәннат) әрі қосымшасы (Аллаһтың жүзін көру) бар.} [Юнус сүресі, 26 аят]
Дайындаған: Сәтімжан абу Муса
Аллаһ құрбандықтарымызды қабыл етсін!
بسم الله الرحمن الرحيم
الْيَوْمَ أَكْمَلْتُ لَكُمْ دِينَكُمْ وَأَتْمَمْتُ عَلَيْكُمْ نِعْمَتِي وَرَضِيتُ لَكُمُ الْإِسْلَامَ دِينًا
"Бүгін сендер үшін діндеріңді толықтырдым және нығметімді тәмәмдадым, сондай-ақ Исламмен сендерге дін ретінде разымын".
[Аль-Майда, 3 аят]
Құрметті Ғалым Абдуррохман ас-Са'ди (Аллаһ оны рахым етсін) тафсирінің мағыналық аудармасы
"Бүгін сендер үшін діндеріңді толықтырдым" - толық жеңіс, әрі шариғаттың ашық және жасырын жақтарын, шариғаттың негізгісі мен қосалқысын толықтырумен. Сол үшін Құран мен Сүннет діннің үкімдерінде, негіздері мен қосалқыларында қажетті түрде жеткілікті.
Өзіне лайықты еместі жүктеп алған кез келген адамның ойлайтыны: адамдар қалайда сенімдер мен үкімдерді Құран мен Сүннеттен басқа білімдерден, философия мен және басқа да білімдерден алу керек деп айтады. Ол білімсіз адасқан надан. Дін тек ол айтқан сөзімен немесе оған шақырып жатырған ісімен ғана толық болады деп ойлайды, бұл ең үлкен зұлымдық, әрі Аллаһ пен Оның Елшісін надандыққа айыптау болып табылады.
"Нығметімді тәмәмдадым" - ашық және жасырын болған нығметтер.
"Сондай-ақ Исламмен сендерге дін ретінде разымын" - Исламмен сендерге дін ретінде разы болғандай Исламды сендерге дін қылып таңдадым. Раббыңа шүкір етіңдер. Әрі сендерге діндердің ең абзалын, ең құрметтісін, ең толығын бергенге мақтау айтыңдар.
Дайындаған: Сәтімжан абу Муса
Бұл аят - Арафа күнінде түскен, сол жылы Арафа күні Жұма күніне сай келген еді. Дұғалар қабыл болатын құрметті күндер жиналған, қажылар үшін - қажылық, ораза ұсташуларға - ораза. Аллаһ дұғаларымызды қабыл етсін.
بسم الله الرحمن الرحيم
Из ответов уважаемого ученого Абдульазиз ибн База (да помилует его Аллах)
Задающий вопрос: День Арафа совпал с пятницей (днем Джума), я постился в этот день, но при этом не постился в четверг (ияумульхомис), будет ли это для меня считаться грехом?
Отвечающий: Надеемся, что это не будет для тебя грехом, потому что ты постился по причине дня Арафа, а не по причине дня Джума. Однако совмещать пост в пятницу совместно с четвергом будет безопаснее, потому что Посланник Аллаха (да благословит его Аллах и приветствует) запрещал совершать добровольный пост только лишь в пятницу, выделяя её. Ты совершаешь добровольный пост. Тебе будет безопаснее поститься два дня: в четверг и пятницу. Человеку в целях безопасности следует стремиться к соответствию сунне Пророка, выполняя его приказы. А что касается добровольного поста отдельно в день Джума, то это запрещено, потому что Посланник Аллаха (да благословит его Аллах и приветствует) запрещал это. Мы надеемся, что не будет грехом соблюдение поста в день Арафа, когда он выпадает на пятницу. Для сохранения безопасности все же следует совместить его с постом в четверг. Да.
Задающий вопрос: Да воздаст Аллах вам благом!
Подготовил: Сатымжан абу Муса
بسم الله الرحمن الرحيم
Құрметті Ғалым Абдульазиз ибн Баз (Аллаһ оны рахым етсін) жауаптарынан
Сұрақ қоюшы: Арафа күні жұма күніне сай келді, сол Арафа күніне сай келген жұма күнінде ораза ұстадым, оған дейінгі төртінші күні (ияумульхомис) ораза ұстамадым, маған күнә боладыма?
Жауап беруші: Саған күнә болмайды деп үміттенеміз, себебі оразаны жұма күні болғандығы үшін ұстаған жоқсын, Арафа күні болғандығы үшін ұстадың. Бірақ жұма күнін бейсенбі күнімен бірге ұстаған қауіпсіздеу, себебі Аллаһтың Елшісі (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) жұма күнін ерекшелеп тек сол күні нәпіл ораза ұстаудан қайтарған. Сен нәпіл ораза ұстаушы адамсың. Егер сақтық қылып жұма күнімен бірге бейсенбі күні ораза ұстаған қауіпсіздеу болады. Адам сақтық қылып Пайғамбарымыздың сүннетіне сәйкес болуды ізденіп, бұйрықтарын орындағаны қауіпсіз болады. Ал, жұма күнін өзін ерекшелеп ораза ұстауға болмайды, өйткені Аллаһтың Елшісі (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) ол істен қайтарды. Бірақ Арафа күні жұма күніне сай келгені үшін ораза ұстаса күнә болмайды деп үміттенеміз. Егер сақтық қылып бейсенбі күнімен бірге ораза ұстағаны қауіпсіздеу. Иә.
Сұрақ қоюшы: Аллаһ сізге жақсыны сыйласын, әрі жақсылық қылсын.
Дайындаған: Сәтімжан абу Муса
بسم الله الرحمن الرحيم
وَهُمْ يَصْطَرِخُونَ فِيهَا رَبَّنَا أَخْرِجْنَا نَعْمَلْ صَالِحًا غَيْرَ الَّذِي كُنَّا نَعْمَلُ أَوَلَمْ نُعَمِّرْكُم مَّا يَتَذَكَّرُ فِيهِ مَن تَذَكَّرَ وَجَاءَكُمُ النَّذِيرُ فَذُوقُوا فَمَا لِلظَّالِمِينَ مِن نَّصِيرٍ
Олар тозақта: "Бізді тозақтан шығар! Істеген амалдарымыздан басқа жақсы амал істейік" деп шыңғырады. "Сендерге үгіт алғысы келген кісі, үгіт алатын өмір бермедік пе? Әрі сендерге ескертуші де келген еді. Енді татыңдар, Залымдар үшін ешбір көмекші жоқ" (делінеді).
[Фатыр, 37 аят]
Құрметті Ғалым Абдуррохман ас-Са'ди (Аллаһ оны рахым етсін) тафсирінің мағыналық аудармасы:
"Олар тозақта қатты шыңғырады" – айқайлайды, бірге зарлайды, көмек сұрайды.
"Раббымыз, жасаған амалымыздан бөлек салиқалы амалдарды жасау үшін бізді тозақтан шығар" – күналарын мойындайды, Аллаһтың олармен Әділ болатынын білді, бірақ қайтаруды орынсыз сұрады.
Оларға айтылады: "Өмір бермедік пе?" – уақыт, өмір.
"Үгіт алғысы келген адам, үгіт алатын" – амалды еске алуды қалаған адамға мүмкіндік берілді.
Дүниені пайдалануға бердік, көп мөлшерде ризықтарыңды бердік. Демалатын себептерді жібердік, өмірді сендерге ұзарттық, аяттарды сендерге жеткіздік, бізге құлшылық қылуға қайтуларың үшін қуанышпен және қиындықпен сынадық, ескерту сендерге әсер бермеді, уағыз сендерге пайда бермеді, ажалдарың келгенше жазаларыңды кешіктірдік, өмірлерің бітті, мүмкіншіліктері болған үйден өте жаман хәлде кеттіңдер, амал үшін жазаланатын үйге жеттіңдер, енді қайтуды сұрайсыңдарма? Тым ұзақ, мүмкін емес! Мүмкін болған уақыт өтіп кетті. Ерекше Мейірімді Аса Қамқор сендерге ашуланды. Тозақтың азабы сендерге күшейді, және сендерді жәннәт иелері ұмытты. Сол жақта (тозақта) азапта қорланған күйде мәңгі бақи қоныстаныңдар.
Сол үшін айтты: "Енді татыңдар, Залымдар үшін ешбір көмекші жоқ" (делінеді)" – көмек беріп тозақтан шығаратын немесе азабын жеңілдететін көмекші жоқ.
Дайындаған: Сәтімжан абу Муса